Алматы зообағына Мәскеу хайуанаттар бағынан Пурга есімді ақ аю жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зообақ баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекше жануарды Алматыға әкелмес бұрын үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Арнайы қоршау жасалып, бассейн салынды. «ЕАРАЗА» комиссиясының келісімі алынды.
Бізге келгеннен кейін ақ аю карантинде болды. Бұл талап зообақтарға әкелінетін, басқа жаққа берілетін барлық жануарларға қатысты. Енді, карантин аяқталып, біздің келушілеріміз зообағымыздың жаңа тұрғыны – Пурганы көре алады. Оның орналасқан вольері кең, ауласында екі бассейні бар. Үйшігінің ішінде ауаны салқындатып тұратын арнайы желдеткіш орнатылған және суық еден жасалған, – деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.
Ол сиыр, тауық етімен, түрлі балықтармен, алма, алмұрт, салат жапырағы, балмен қоректенеді.
Оқи отырыңыз: