«Алматы жақсылық сыйлайды»: Тұрғындар қайырымдылық акциясын жалғастыруда

3 Қазан 2020, 19:10
2089
Бөлісу:
«Алматы жақсылық сыйлайды»: Тұрғындар қайырымдылық акциясын жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жақсылық үшін көп нәрсенің қажеті жоқ», деген алматылық еріктілер мен белсенділер жаңа қайырымдылық акцияларын бастады. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Алматылықтар қайтадан бірігіп, қала тұрғындарының мәселелеріне бей-жай қарамайтынын көрсетті.  Мәселен, бүгінде мегаполисте түрлі қайырымдылық акциялары белсенді түрде өткізіліп келеді, олар онлайн және офлайн режимде де ауқымға ие. Басты мақсат - қиын өмірлік жағдайға тап болған қала тұрғындарының өміріне өзіндік үлес қосу.

Мысалы, «Таңғы студияның» жүргізушілері, отандық жұлдыздар - Тәуекел Мүсілім мен Данияр Батырбаев STOPCOV| Almaty арнасының редакциясымен бірлесіп, «Алматы жақсылық сыйлайды» акциясын бастады. Қарттар күніне орай азаматтық белсенділер тобы еріктілермен бірге мұқтаж зейнеткерлерге барып, оларды мерекемен құттықтап, азық-түлік себеттерін әкелді.

Біз белсенді қалалықтардан қарттарды қамқорлыққа алып, мұқтаж адамдарға қолдан келгенше көмек көрсетуді және жай ғана назар аударуды сұраймыз. Жақсылық үшін көп нәрсе қажет емес, - дейді акция ұйымдастырушылары.
булочкка1.jpeg

Сонымен қатар, алматылық ерікті-энтузиастар  2 қазанда «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінен басталған қайырымдылық велошеруін ұйымдастырды.

Қайырымдылық жобасының мақсаты – Алматыда ғана емес, еліміздің түрлі өңірлерінде тұратын аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсету. Велошеру барысында жиналған қаражат балаларға көмек көрсетуге бағытталады. Аталған іс-шара қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайбергеннің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Велошерудің ұзақтығы – 2 200 км, мәре нүктесі – Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы.



Өзгелердің жаңалығы