Алматы волонтерлері дәрі бағасын қадағалауға көмектесіп жатыр

21 Шілде 2020, 13:12
1347
Бөлісу:
Алматы волонтерлері дәрі бағасын қадағалауға көмектесіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. "Қазақстан Еріктілер лигасы" ҚҚ Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева онлайн брифинг барысында волонтерлер дәрілердің бағасын шамадан тыс көтерген дәріханаларды анықтап жатқанын айтты.

Біздің волонтерлер қазір мемлекеттік қызметтермен бірге дәріханадағы дәрі бағасына мониторинг жасауға көмектесіп жатыр. Одан бөлек  дәріханаларда дәрі тапшылығы болмауын да қадағалауда. Карантин жарияланғалы бері волонтерлер 7 қайырымдылық шарасын өткізді. Оның қатарында азаматтарға қорғаныс құралдарын тарату, түсіндіру жұмыстары бар, - дейді Бағдат Анарбаева.
Алматы қаласы Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Мади Ахметов коронавирус пандемиясының алғашқы күнінен бастап Алматы қаласы Jas Otan жастар қанатының жанынан волонтерлер штабы құрылып, оның қатарында 200-ден аса ерікті жұмыс атқарып жатқанын жеткізді. 
Осы аралықта волонтерлер маска тігіп, қаладағы коммуналдық қызметтерге таратты. Карантин Наурыз мейрамы кезінде жарияланғандықтан волонтерлер алғы шепте блок бекетте жұмыс істеген құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне наурыз көже үйлестірді. Сонымен қатар, #Бізбіргеміз акциясы аясында волонтерлер 30 мыңнан аса аз қамтылған отбасыға  азық-түлік жеткізді. Жақында біз «Жақыныңа жанашыр бол» акциясы бойынша адамдар көп шоғырланған жерде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Волонтерлер осы аралықта көшеде маскасыз жүрген азаматтарға  5 мыңнан аса көпретті маскаларды таратты. Одан бөлек біздің волонтерлер Халық Арена кешінде құрылған стационарға медициналық жабдықтарды жеткізуге көмектесті, - дейді М. Ахметов. 

Сөз арасында ол биыл Волонтерлер жылы болғандықтан жастардың көпшілігі қатарға өздері келіп, тегін жұмыс істеп жатқанын айтты. 
Қазір жұмыс азайғандықтан олар халық көп жиналатын жерде карантин режимін түсіндірумен айналысуда, - дейді ол.




Өзгелердің жаңалығы