"Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы" жылы ресми түрде аяқталды

Жоба аясында бір жыл ішінде 50-ден астам халықаралық іс-шара ұйымдастырылып, оған түркі елдерінен 40 мыңнан астам жас қатысты.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
198
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматы қаласында «Алматы – Түркі әлемінің 2025 жылғы жастар астанасы» жылының ресми жабылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің өкілдері, ұйымның Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және бақылаушы мәртебесіндегі Түрікменстан делегациясы қатысты.

Жоба аясында бір жыл ішінде 50-ден астам халықаралық іс-шара ұйымдастырылып, оған түркі елдерінен 40 мыңнан астам жас қатысты. Олардың қатарында жастар алмасу бағдарламалары, көшбасшылар мен кәсіпкерлер форумы, мәдени фестивальдер, халықаралық зияткерлік және экологиялық жобалар бар.

Бағдарлама жастар бастамаларын қолдауға, волонтерлік қозғалысты дамытуға және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталды.

Салтанатты рәсім барысында Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі Алматыдан Өзбекстанның Хиуа қаласына ресми түрде табысталды. Арнайы символдық кілтті тапсыру рәсімі түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың сабақтастығын және жастар байланысының нығаюын көрсетті.

Наверх