Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді

3 Желтоқсан 2022, 13:32
1086
Бөлісу:
Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді

Полиция қызметкерлері шаһардың Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шараны жүргізді деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексерді. Дабыл расталды. Күдікті – 42 жастағы Х.есімді азамат. 

Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ белгісіз тұқымды тастар табылды және тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша тіркелді. 

Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы