Қырғауылды ауылының тұрғындары өлген жануарлардың мәйіттерін далаға тастаған үй иесіне шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бейнежазбада жылқылар мен шошқалардың өлген мал мәйіттерінің жанында жайылып жүргенін көруге болады. Тұрғындардың айтуынша, өлексенің жатқанына және одан жағымсыз иістің шыққанына біраз уақыт болған.
Қырғауылды ауылында сұмдық жағдай. Жылқылар мен шошқалар өлексенің жанында жайылып жүр. Көп жылдан бері осы мәселе шешілмей келеді. Дәлірек айтқанда, біз ол туралы бүгін ғана білдік! Біз жағымсыз иіс бұл жер лас болғандықтан шығады деп ойладық. Алайда ол өлексенің иісі екен. Осыған шара қолдануын сұраймыз, - делінген бейнежазбада.
Аталған жағдайға Алматы облысының әкімдігі жауап беріп, үйге ветеринарлық сараптама және жануарлар карантині жүргізілетінін атап өтті.
Көше тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша. Қарасай аудаы әкімінің орынбасары тиісті жағдайда ұсталған мал иесімен әңгімелесті. Нәтижесінде шошқа мен жылқы сату туралы келісімге қол жеткізілді. 4 мамырдан бастап Октава баспанасына тіркелмеген 26 шошқаны уақытша орналастыру туралы келісім жасалды. Баспанада ветеринарлық сараптама және жануарлар карантині жүргізіледі, жылқыларды тасымалдау сағат 12.00-де күтілуде. Жағдай ауылдық округ әкімінің, полиция мен ветеринарлық пунктің бақылауында. Аудан әкімдігі тарапынан көлік мәселесі шешілді, – деді Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.