Алматы тұрғыны өрт сөндірушілерге алғыс хат жолдады

6 Қаңтар 2021, 14:32
3810
Бөлісу:
Алматы тұрғыны өрт сөндірушілерге алғыс хат жолдады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы тұрғыны дүкенін өрттен аман алып қалған өрт сөндірушілерге алғыс хат жіберді. Бұл туралы Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы ТЖД бастығының атына Медеу ауданы Зенков көшесінде тұратын алматылықтан Тәтибеков көшесінде орналасқан дүкеннен шыққан өртті жедел арада сөндірген  мамандандырылған  №5  өрт сөндіру бөлімі мен № 7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтқан хат келіп түсті,-делінген хабарламада.

2020 жылғы 14 желтоқсанда  сағат 00.45 кезінде өрт сөндіру көліктері өрт шыққан оқиға орнына жіберілген. 4 минутта келген өрт сөндірушілер «Мұхтар» азық-түлік дүкенінің 50 шаршы метр аумағы жанып жатқанын анықтайды, бұл кезде қызыл жалын дүкеннің шатырына жайылып үлгерген. Дүкеннің оңтүстік жағында жарты метр қашықтықта орналасқан екі тұрғын үйге от таралу қаупі туындайды. Өрт сөндірушілер газ кескіш арқылы үйдің шатырын ашып өрт оқпандарын өрт ошағына тікелей бағыттағандықтан  өрт тез арада  сөндіріліп, жарты сағаттың ішінде толықтай жойылған. Қабылданған шаралар арқылы қызыл жалынның тауарлы-материалдық құндылықтар сақталған дүкен ғимараты мен ательеге жайылуына жол берілмейді. 

Мен №7 ӨСБ мен №5 МӨСБ ұжымына үлкен алғыс айтамын және ауыр еңбектері мен кәсіби шеберліктеріне рахмет дегім келеді. Олардың ұйымдастырылған, жедел түрде атқарған жұмыстарын сыртынан бақылап тұрғанда өте жақсы әсер қалдырды, өрт жауынгерлеріне зор денсаулық және еңбектеріне табыс тілеймін, - деп жазылған алматылықтың  хатында.


Өзгелердің жаңалығы