Алматы тұрғыны күзетшіні көлігімен басып өлтірді

29 Наурыз 2024, 10:25
1512
Бөлісу:
Алматы тұрғыны күзетшіні көлігімен басып өлтірді

Алматыда тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні көлігімен қағып, шабуылдаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

Қайғылы оқиғаның бейнеролигі әлеуметтік желіде жарияланды. Онда күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп оны жұдырықтай бастағанын көруге болады.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр дене жарақаттарын келтірген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деді Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Елді дүрліктірген қылмыс "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінде болған.

Өзгелердің жаңалығы