Алматы тауларында қонжықтарымен бірге жүрген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

29 Сәуір 2025, 02:40
593
Бөлісу:
Алматы тауларында қонжықтарымен бірге жүрген қоңыр аю видеоға түсіп қалды
Фото: скриншот

Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Тянь-Шань қоңыр аюы екі қонжығымен бірге бейнежазбаға түсіп қалды. Бұл туралы ұлттық парк әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жабайы жануарлар санын есепке алу барысында "Көлсай көлдері" МҰТП инспекторлары Тянь-Шань қоңыр аюын екі қонжығымен бейнеге түсіріп алды. Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларында мекендейді, - делінген хабарламада.

Парк әкімшілігі табиғат аясында қоңыр аюларды байқап қалған жағдайда қауіпсіз қашықтықты сақтау және жануарларды мазаламау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ, ұлттық парк өкілдері Тянь-Шань қоңыр аюының Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгенін және барлық Қызыл кітапқа енген жануарлар түрлері мемлекет тарапынан ерекше қорғауға алынғанын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы