Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

24 Наурыз 2022, 14:02
1767
Бөлісу:
Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

Алматы, BAQ.KZ. Тауда қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі с ақталып отыр. Осыған байланысты блок-бекеттер қойылды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД-ті хабарлады.

2022 жылғы 24 науырыздағы № 8 дауылды ескертудің негізінде қар жамылғысының тұрақсыз және биіктігі жоғары болуына байланысты  Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында 25-28 науырыз аралығында қар көшкіні  қауіпі сақталады, - делінген хабарламада.

Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

24 наурызда сағат 8:40-тан 10: 40-қа дейін «Шымбұлақ» ТШК аумағында қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Аваланчер» пневматикалық қондырғысы қолданылған. Нәтижесінде Кіші Алматы өзені бассейнінде көшкіндерді түсіру бойынша алдын алу профилактикалық жұмыстары жүргізіліп, 600 текше метр қар массасы көшірілген.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тауға бармауды сұрайды.
 

Өзгелердің жаңалығы