Алматы, baq.kz. Қаңтардың 7 күні әлеуметтік желіде алматылықтардың кейбірі жылы сусыз және жылусыз қалғанын жазып жатты.
Кейін магистральді құбыр жарылып, апат болғандығы белгілі болды.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің мәліметінше, МТ-8 магистральді құбырының жарылуынан апат болған ауданадағы барлық нысандардың жылуы өшірілген. Атап айтар болсақ, Мамыр 1,2,3,4,7 ықшамаудандары, Тепличная көшесі мен Жандосов көшесіндегі 184,184а,184б,184в,184в/1,186 үймен Цветочная көшесіндегі 2,2а үйі жылы су мен жылудан түгелдей ажыратылған.
Сонымен қатар олар, жылу жүйесін қатырып алмас үшін, оны судан арылту керектігін айтуда. Алайда апатты жағдай қашан қалыпқа келтіретіндігін әзірге белгісіз.