Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті барлық қызметтер су басу қаупіне дайын екендігін мәлімдеді.
Алматыда түннен бері тоқтаусыз жаңбыр жауып жатыр, мұндай кезде бірнеше аудан көшесін су басып қалу қатері бар.Ауа райының қолайсыздығын алдын ала есепке алған құтқарушылар суды сорғылау жұмыстарына ертерек дайындалған.
Су басып қалу жағдайы қалалық қызметтердің бақылауында. Ауа райы болжамын ескере отырып ТЖ департаменті аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып су басып қалатын жерлердің тізімін дайындады. Бүгін қызмет күштері мен техника ол жерлерді су басып қалмай тұрып жіберілді, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта Алматыда жаңбыр әлі де жауып жатыр, алайда 102 пультіне тұрғындардан ешқандай қоңырау түспеген.