Алматы станцияларында жабдық 78% тозған

17 Сәуір 2023, 13:59
1071
Бөлісу:
Алматы станцияларында жабдық 78% тозған
Фото: «Самұрық-Энерго» АҚ

Алматыда «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы энергетикалық кешенінің электр энергетикалық кәсіпорындары 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы жылыту кезеңін аяқтауда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі. 

Маусым бойы станциялар Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұрғындарына жылу және электр энергиясын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етті. Алайда, республиканың бірқатар қалаларындағы ЖЭО-лар мен жылу желілерінде осы қыста орын алған апаттар «Самұрық-Энерго» энергетиктерінің алаңдаушылығын туғызған. 

Дегенмен, «АлЭС» АҚ өкілдері күз бен қыстың оңайға соқпағанына қарамастан, компания кәсіпорындары жылу энергиясын тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес толық көлемде босатты. 20-ға жуық қазандық агрегаты мен 13 бу турбинасы үздіксіз жұмыс істеп тұрды. Осы кезеңде 2,9 млрд квт*сағ электр энергиясы және шамамен 4,7 млн Гкал жылу энергиясы өндірілген.

Біздің «АЖК» АҚ энергия беруші компаниясы осы кезеңде ұзындығы 2 мың км-ден асатын әуе және кабель желілерінде жұмыстар жүргізіп, 900 бірліктен астам күштік трансформаторлар мен қосалқы станциялардың жабдықтарына жөндеу жүргізді, энергия шаруашылығындағы 70-тен астам нысанды жөндеді. Компания қызметкерлері электр станцияларының дұрыс жұмыс істеуіне жәрдемдесіп, электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етті, – дейді «Алатау жарық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары бас инженер Жақсылық Сағымбекков.

Алматы станцияларында жабдық 78% тозған

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы энергетикалық кешенінің мамандары жаңа қуаттарды енгізу қарқынының төмендігі және қолданыстағы өндіруші көздердің қауіпсіздік қоры деңгейінің төмендеуі салдарынан жинақталған проблемаларға байланысты дабыл қағуда.

Бүгінгі таңда «АлЭС» АҚ станцияларында негізгі жабдықтың тозу деңгейі 78,7%-ды құрайды, – дейді дейді «АлЭС» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директор – бас инженер Ғазий Исмухамбетов.

Сала сарапшыларының айтуынша, Қазақстандағы энергия өндіруші ұйымдарда күрделі жөндеу жүргізуге, күл үйінділерін салуға және негізгі активтерді реконструкциялауға, жаңғыртуға, кеңейтуге, жаңартуға қаражат жетіспейтіні байқалады. 

Генерациялаушы жабдықтарды өндірушілермен тарихи қалыптасқан технологиялық байланыстар үзіліп, дүние жүзі бойынша орнаған геосаяси жағдайға байланысты мәселелер ушығып барады. Мұның бәрі, сайып келгенде, энергия өндіруші ұйымдар үшін шығындардың өсуіне әкеледі. Мысалы, бу қазандықтары мен құбырларға арналған құбырдың құны екі жылдың ішінде 236% - ға өскен.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының энергетиктері қиындықтарға қарамастан, өнім берушілердің алдындағы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде жалғастыруда әрі үздіксіз орындауда. Өткен қыста республиканың бірқатар қалаларында жылу көздерінде орын алған белгілі дағдарыстық жағдайлар кезінде электр энергетикалық холдинг компанияларының мамандары Екібастұз қаласындағы, сондай-ақ Қарағанды ЖЭО-1, ЖЭО-3, Қарағанды МАЭС-1, Теміртау қаласындағы ЖЭО-2, Балқаш ЖЭО-дағы апаттарды жоюға және энергия көздері мен жылу орталықтарын техникалық тексеруге көмек көрсетті. «Самұрық-Энерго» АҚ бүгінде Семей қаласында ЖЭО-3-ті салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кіріскен.

Өзгелердің жаңалығы