Алматы – ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы

4 Сәуір 2023, 00:45
1104
Бөлісу:
Алматы – ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы
Фото: inbusiness.kz

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдер министрлері 2023-2024 жылдарға ұйымның мәдени және туристік астанасы ретінде Алматы қаласын бекіту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Асхат Оралов Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кеңесіне қатысты. Онлайн-кездесуге Үндістан, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Пәкістан өкілдері де қатысты.

Министрдің м.а. А. Оралов Алматы қаласына ШЫҰ-ның 2023-2024 жылдарға мәдени және туристік астанасы мәртебесін беру туралы мәселені көтерді.

Мен Кейн мырзаға және барлық қатысушыларға біздің бастамамызды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бүгінгі таңда біз Алматы қаласында 14 іс-шараны көздейтін жоспар әзірледік. Бұл халықаралық туристік және мәдени фестивальдар, сондай-ақ марафондар. Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы да ауқымды мәдени бағдарламамен сүйемелденетін болады. ШЫҰ елдерімен барлық салада, оның ішінде туризм бағыты бойынша да ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады. Алматының мәдени және туристік астана ретінде бекітілуі туризм саласындағы көрсеткіштерді жақсартады. Баршаңызды Қазақстанға келіп, еліміздің көрікті жерлерімен және мәдениет саласындағы жұмысымыздың нәтижелерімен танысуға шақырамын, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. Асхат Оралов. ырзаға және барлық қатысушыларға біздің бастамамызды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бүгінгі таңда біз Алматы қаласында 14 іс-шараны көздейтін жоспар әзірледік. Бұл халықаралық туристік және мәдени фестивальдар, сондай-ақ марафондар. Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы да ауқымды мәдени бағдарламамен сүйемелденетін болады. ШЫҰ елдерімен барлық салада, оның ішінде туризм бағыты бойынша да ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады. Алматының мәдени және туристік астана ретінде бекітілуі туризм саласындағы көрсеткіштерді жақсартады. Баршаңызды Қазақстанға келіп, еліміздің көрікті жерлерімен және мәдениет саласындағы жұмысымыздың нәтижелерімен танысуға шақырамын, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. Асхат Оралов.

Өзгелердің жаңалығы