Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда "ADK" сауда орталығы маңында орналасқан кәсіпорын аумағындағы өрт сөндірілді.
Бұған дейін, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті алдын ала болжам бойынша өрт сауда орталығының шатырынан шыққанын хабарлаған болатын.
Алайда, кейінірек департамент басшысы Серік Әубәкіров өрттің "ADK" сауда орталығы ғимаратының артында орналасқан кәсіпорын аумағында болғанын түсіндірді.
Нақтыланған ақпарат: Өрт "ADK" сауда үйінің маңында орналасқан құрылыс панельдерін өндіру және қалыптау цехынан шықты. Онда сыйымдылығы бір тонна және 150 литрлік екі цистернадағы гидравликалық май жанған. Өрт толықтай 19:45-те сөндірілді, - деп хабарлады ТЖД.