Алматы «сары» аймаққа өткенімен шектеу шаралары сақталады – Бекшин

7 Маусым 2021, 14:27
2035
Бөлісу:
Алматы «сары» аймаққа өткенімен шектеу шаралары сақталады – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Бекшин 1 маусымнан бастап Алматы қаласы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал матрицасының «сары» аймағына көшуіне қарамастан, эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отырғанын айтты.

Критерийлерге сәйкес, қызылдан сары аймаққа ауысқан кезде қолданыстағы шектеу шаралары 7 күн өткеннен кейін күшіне енетін белгілі бір жеңілдіктермен сақталады. Ол мемлекеттік Бас санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысына сәйкес іске асады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес сары аймақтың критерийлері R саны (жұқтыру көрсеткіші) < немесе = 1.0 және 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші < немесе = 100 болып табылады. 7 маусымда Алматы қаласында R көрсеткіші=0,7 санында 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші 64,7, яғни 100-ден төмен, - деді ол. 

Сонымен қатар ол қаладағы ауыршаңдықтың төмендеуіне жаппай вакцина салу мен шектеу шаралары әсер еткенін айтты.
 

Өзгелердің жаңалығы