«Алматы Қуат» ЖШС директоры сотталды

5 Шілде 2023, 12:32
934
Бөлісу:
«Алматы Қуат» ЖШС директоры сотталды
Фото: - архив

«Almaty Kuat» ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында анықталғандай, ЖШС директоры Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушы 10-нан астам шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясын жеткізу шартын жасасып, электр энергиясын тұтынушыларды, сондай-ақ өндіруші және жеткізуші ұйымдарды алаяқтық жолмен электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, екі жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталды, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Осылайша ол жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында жоғарыда аталған ЖШС директорының мәмілелер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды заңды айналымға түсіргені анықталды.

Сот қаулысымен жалпы сомасы 134 млн теңгеден астам жер телімдері мен құрал-жабдықтарға қамауға алынды.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы