Алматы қорығында Сібір тауешкісі фототұзаққа түсіп қалды

8 Қыркүйек 2026, 20:53
АВТОР
 Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 8 Қыркүйек 2026, 20:53
8 Қыркүйек 2026, 20:53
89
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында Сібір тауешкісі фототұзаққа түсіп қалды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, сібір тауешкісі – Алматы мемлекеттік табиғи қорығын мекендейтін төрт ашатұяқты сүтқоректінің бірі. Қорық аумағында ол теңіз деңгейінен 1200-4000 метр биіктікте кездеседі.

Жазда тауешкілер биік таулы аймақтарға көтеріліп, құзды және тастақты беткейлерді мекендейді. Ал қыста қар қалың түскен кезде қорек іздеп төменгі белдеулерге, кейде тау етегіне дейін түседі, – делінген комитет хабарламасында.

Сібір тауешкісі тік жартастар мен құздарда еркін қозғалады. Ол таудың қатал табиғи жағдайларына жақсы бейімделген.

Комитет мәліметінше, Сібір тауешкісінің кадрлары 2026 жылы қорық аумағына орнатылған фототұзақтарға түсірілген.

Бұған дейін Қарқаралы орманында бұландардың, Катон-Қарағайда бес қар барысының фототұзаққа түсіп қалғаны хабарланды.

Сондай-ақ,  «Алтын-Емелде» фототұзақ суат басында қасқыр мен құландардың кездесуін түсіріп алған еді.

Наверх