Алматы, BAQ.KZ. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқығын қорғаушы және белсенді Богдан Джепка Түрксіб ауданында өз таңдауын жасады.
Қолжетімділік ойдағыдай, әр түрлі топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін бәрі дайын. Брайль қарпі бар трафареттер, құлаққаптары бар компьютер. Сайлау учаскесінің төрағасымен сөйлестім. Оның айтуынша, тұрғындар бүкіл отбасымен бірге келіп, дауыс беруде, - деп атап өтті Богдан өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Қоғамдық кеңестің тағы бір өкілі Марат Шибұтов референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Тарихи оқиғаға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз – бізде күн сайын референдум бола бермейді!,- деп атап өтті саясаттанушы және қоғам қайраткері инстаграмдағы парақшасында.
Қоғамдық кеңестің тағы бір белсенді мүшесі Ұлан Іңкәрбеков те өз әсерімен бөлісті.
Референдум мен үшін жоғары деңгейде ұйымдастырылды, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін инватаксимен дауыс беруге бару және кері қайту жақсыу ұйымдастырылды, ал дауыс беру кабиналары өте қолжетімді, - деп атап өтті Ұлан фейсбуктегі парақшасында.