Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жабылды

3 Шілде 2022, 14:06
1178
Бөлісу:
Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алтын Орда» базары маңындағы көпір (Алматы-Қаскелең бағыты) жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды.

Бұл туралы  «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

2-10 шілде аралығында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты «Алматы-Қаскелең» бағыты бойынша бас магистральдық эстакаданың бір бөлігі жабылады.

Жолайрықтың сапасына жүргізушілерден бірнеше рет шағым түсті. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл – «Алтын Орда» базары маңының 16-19 шақырымы. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жүргізушілердің бірі «Алтын Орда» маңындағы жолайрықтың сапасын көрсеткен видеосын жариялаған еді. Бейнежазбадан шұңқыр мен кедір-бұдыр жолды байқауға болады.

Өзгелердің жаңалығы