Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды

28 Наурыз 2024, 10:18
526
Бөлісу:
Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды
VIDEO
Фото: скрин

Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының прокуратурасымен көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 г жер телімін заңсыз беру фактісі анықталды.

Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген.

Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді.

Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді.

2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

Өзгелердің жаңалығы