Президент Алматы қаласының атауын өзгертуді ешқашан қолдаған емес

15 Желтоқсан 2019, 15:20
10904
Бөлісу:
Президент Алматы қаласының атауын өзгертуді ешқашан қолдаған емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ерлан Қарин өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, президент бұл туралы 29 қазанда Алматы қаласының активімен өткізген кездесуінде нақты айтқан болатын.
Олжас Сүлейменов Алматы қаласының атауын өзгертуді баяғыдан бері көтеріп жүргенін бәріміз білеміз. Ол жайлы Олжас түрлі кездесулерде айтып жүр. Сол себепті президентпен кездесу барысында да бұл идеясымен бөліскені - шын мәнісінде мемлекет басшысының бұл бастаманы қолдайтынын білдірмейді. Президент одан гөрі Алматы қаласының дамуындағы одан өзге де өзекті мәселелерге көңіл бөлу керек деп есептейді. Бұл ойын президент бұған дейін 29 қазанда Алматы қаласының активімен өткізген кездесуінде нақты айтқан болатын, - деп атап өтті ҚР президентінің кеңесшісі.
Мемлекет басшысының пікірінше, бұндай мәселелер кабинеттерде, жабық, халықтан тыс жерлерде шешіліп, талқылану мүмкін емес. Ондай мәселелер тек қана басым көпшіліктің, қала тұрғындарының пікірімен санаса отырып шешілуі керек.
Өзгелердің жаңалығы