Алматы қаласында ер адам екі әйелді пышақтап кетті

20 Шілде 2022, 10:17
2094
Бөлісу:
Алматы қаласында ер адам екі әйелді пышақтап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Ұлттық ұлан сержанты оның ізіне түсіп, зиратта жасырынып қалған жерінен қолға түсірді. Қылмыскерді құрықтап, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Бұл туралы Ұлттық ұлан баспасөз қызметі хабарлады. Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға сержант Жарқынбек Айдарханбеков отбасымен үйінде отырғанда, сырттан айғайлаған дауысты естиді. Жүгіріп шыққанда, Қалқаман-2 ықшамауданындағы Лапин көшесі 21 үй алдына белгісіз ер адамның әйелді аяусыз пышақтап жатқанын көреді.

Аға сержант Айдарханбеов көмек көресету үшін дереу оқиға орнына қараай жүгіріп барады. Қылмыскер Жарқынбектің тайсалмасын, батыл әрекетін және ұстауға ниетті екенін сезіп, қолындағы пышағын тастай салып, сол маңдағы «Дружба» зиратына қарай қашады.

Ұландық жауынгер аяқ киімін шешіп, еш ойланбастан қылмыскердің соңынан қуады. Кетіп бара жатып, сол жерге жиналғандарға «Әйелдерге көмектесіңдер» деп, өзі де жол-жөнекей жедел жәрдем мен полиция қызмтіне хабар береді. 

Құқық бұзушыны зираттың қараңғы тсына жасырынып, біраз уақыт өткнде, із жоғалпақ болған. Дегенмен Жарқынбек сол бетінен таймай, тың тыңдап, сытырлаған дыбыс пен ентіккен даусынан, қылмыскерді отырған жерінен ұстап алады. Жедел медициналық көмек пен полиция қызметкерлері келгенше, тұтқынды тырп еткізбей ұстап отырады. 

Адамды аяусыз пышақтаған кісі өзін ұстамақ болған адамға да дәл солай лап беріп, таспен немесе басқа бір затпен шабуылдауы бек мүмкін еді. «Ол кезде ойланып тұратын уақыт болған жоқ. Бар байқағаным, қыз бала жерде әлсіреп жатты. Не де болса, қолға түсіруді көздедім. «Мұндай жауыздық жазасыз қалмау керек қой» дейді батыл жігіт. 

Аға сержант Айдарханбеков ұсталған азаматты оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырған. Зардап шеккен әйелдерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы