Алматы қаласы Жетісу ауданының бірқатар ғимараты уақытша ыстық судан ажыратылады

17 Мамыр 2022, 11:21
1466
Бөлісу:
Алматы қаласы Жетісу ауданының бірқатар ғимараты уақытша ыстық судан ажыратылады

Алматы, BAQ.KZ. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і 19 мамырда Жетісу ауданындағы кейбір ғимараттарда ыстық су болмайтынын мәлімдеді.

2022 жылғы 19 мамыр сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жетісу ауданының Жұмабаев – Северное кольцо – Павлодар-Палладина көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды,-делінген хабарламада.

Сорғы станциясын қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. 
 

Өзгелердің жаңалығы