Алматы полициясына жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген студенттер анықталды

16 Қараша 2023, 20:01
455
Бөлісу:
Алматы полициясына жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген студенттер анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматы полициясына жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген студенттер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Алматыдағы колледждердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама 13 қараша күні сағат 10:35-те келіп түсті.

Қаланың төтенше жағдайлар және жедел қызметтері дереу ғимарат пен оның маңайына комиссиялық тексеру жүргізді, нәтижесінде жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар, оқ-дәрілер немесе басқа да қауіпті заттар табылмады.

Жалған ақпарат берді деген күдікпен аталған оқу орнында 1-курс оқитын екі студен ұсталды. Олар – 16 жастағы Ж.есімді және 15 жастағы Т.есімді студенттер. Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сараланған. Айғақты заттар тәркіленді, олар бойынша сараптама тағайындалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Алматы полициясы жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы да еске салады.

ҚР-ның жаңа ҚК-нің 273-бабының нормасына сәйкес, алдағы лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат беру бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өзгелердің жаңалығы