Алматы полициясы жаңа көліктерге ие болды

26 Ақпан 2022, 15:15
1405
Бөлісу:
Алматы полициясы жаңа көліктерге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы Полиция департаментінің автотұрағы отандық өндірістегі 70 Chevrolet көлігімен толықты, Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

 Жаңа көліктер Жергілікті полиция қызметі басқармасының мамандандырылған батальонына берілді. Олар шақыртуларға, дабылдарға, өтініштерге жедел жауап беруге мүмкіндік береді, бұл қызмет көрсету сапасын арттырады, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа көліктердің шаһар тәртіп сақшыларына жүктелген міндеттерді орындауға үлкен көмегі тиетініне сенімдімін, – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Спикер сондай-ақ қызметтік көліктер дәстүрлі түрде GPS навигаторымен және заманауи радиостанциямен жабдықталғанын атап өтті. Оларда бейнетіркеуіштер орнатылған, көлік ішінде және сыртында үнемі аудио және бейне жазбалар жүргізіліп тұрады. 

Бұрын хабарланғандай, жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 168 қызметтік көлік зақымданып, оның 53-і өртенген.

Өзгелердің жаңалығы