Алматыда полиция қызметкерлері мариухуана өсіру дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті Тоқтаров көшесіндегі үйінде марихуана өсірумен айналысқані белгілі болды.
Техникалық нормаларға сәйкес өсірілген 16 түп марихуана, өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктінің үйінің ас бөлмесінен 5,45 мм және 7,62 мм калибрлі екі патрон табылды, - делінген хабарламада.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды.