Алматы полициясы ұрланған телефондарды сататын халықаралық арнаны тоқтатты

22 Маусым 2022, 21:44
1174
Бөлісу:
Алматы полициясы ұрланған телефондарды сататын халықаралық арнаны тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкекте ұрланған ұялы телефондардың іздері табылды, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл ұрланған ұялы телефондарды сатып алуға және одан әрі сатуға қатысы бар адамды әшкерелеу бойынша криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесі.  Оның өз жоспары болды.  П.есімді азамат өзінің қырғызстандық «әріптесімен» өзара әрекеттесуді орнатқан: біздің отандасымыз оған Алматыда ұрланған ұялы телефондарды жіберген, ал, оның орнына ол, Бішкек тұрғындарынан ұрланған гаджеттерді алған.  Қазір күдікті қамауға алынды.  Ол өз іс-әрекетін мойындады.  Қырғызстан Республикасының астанасына жөнелтілген жедел уәкілдер қаламызда ұрланған түрлі үлгідегі 246 мобильді құрылғыны қайтарып алып келді, - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

Қайтарылған ұялы телефондарды анықтау Басқармасының қызметкерлері Алматыда тергеліп жатқан қылмыстық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ұялы телефондардың бір бөлігі өз иелеріне қайтарылды.

13 сәуірде телефонды ұрлап кетті.  Полиция департаментіне барып, арыз жаздым.  Кеше маған телефон  соғып, телефонымның табылғанын айтты.  Маған оны бүгін қайтарып берді.  Біздің полицияға алғыс айтқымын, - деді жәбірленуші.

Осыдан 4 ай бұрын ұрланған телефон да иесіне қайтарылды.

Менің телефонымды төрт ай бұрын ұрлап кетті.  Көбісі телефонымның табылмайтындығын айтты.  Алайда, Алматы қаласының полициясы оны тауып, маған тосын сый жасады.  Мен Сіздерге алғысымды білдіремін, - деді телефон иесі.

Өзгелердің жаңалығы