Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті

26 Сәуір 2022, 21:47
1313
Бөлісу:
Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті

Алматы, BAQ.KZ.  «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

25-29 сәуір аралығында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті.
ЖАІ өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полицияның қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері тартылған.

Қоғамдық тәртіпті тиісінше сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында қаладағы полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды.

Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда.  Сонымен қатар, полиция, көші-қон заңнамасын, оның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізеді,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, азаматтық қарулардың иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдар тексерілуде.
Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер тонаумен, көлік айдап әкетумен және т.б. айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді.

«Құқықтық тәртіп» ЖАІ – бұл криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған ауқымды іс-шара.
 

Өзгелердің жаңалығы