Алматы полициясы бірнеше көлік ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады

1 Сәуір 2019, 14:19
1986
Бөлісу:
Алматы полициясы бірнеше көлік ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы полиция департаментінің автокөлік ұрлығын ашу бөлімі ізкесушілерінің  қырағылығы арқасында  25 жастағы көлік ұрлаушы  ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, А.есімді азамат, тек Жетісу ауданында орналасқан көліктерді ұрлаған және кілтті таңдау арқылы әрекет еткен. Жұмыссыз әрі осындай қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған ер адам тек өз үйінің маңғында ғана әрекет еткен.

«Қаскөй әдейі «Мазда-626» және «ВАЗ» маркалы автокөліктерді ұрлаған. Ескі көліктерді ашуға және ұрлауға оңай, кейбір автокөліктердің кілттері тіпті басқа көліктерге сәйкес келе береді. Шын мәнінде, қазіргі заманғы «барымташы» «Өжет» ықшам ауданында тұрып, «Айнабұлақ» ықшам ауданында қылмыс жасағанын атап өту керек. «Үйінің арғы көшесінде әрекет жасаған» деуге болады»,-дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Басқарма басшысының айтуынша, ұры қолды қылған көлік құралдарын өз жеке мақсатына пайдаланған немесе сатып келген. 

«Мысалы, ол ауылға барып, көлік өзінікі екеніне және дұрыстап атына аударып алуға уақыты болмағанына сендіріп, 80-100 мың теңгеге көліктің кілтімен және құжаттарымен сата алады. Қазіргі таңда күдіктінің қаланың шетінде осыған ұқсас 9 дәлелденген эпизоды бар»,-дейді ол.

Күдікті қазір  уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы