Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігімен келісе отырып, генерал-майор Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жеке құрамға полиция Департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды.
Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған.
Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.
Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция Департаментін басқарды.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы Полиция департаментін Қанат Таймерденов басқарған.