Алматы полицейлері көлік ұрлағандарды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жасалған ұрлықтың ізін суытпай 2000 және 2004 жылы туған екі ер адам ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, олар Айнабұлақ ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан бөтеннің көлігін ұрлап кеткен.
Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімі күдіктілерді ұстады. Олар өз қылмысын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған көлік тәркіленді. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да эпизодтарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.