Алматы полицейлері «30 игі іс» жобасын бастады

6 Маусым 2022, 17:46
936
Бөлісу:
Алматы полицейлері «30 игі іс» жобасын бастады

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан полициясының 30 жылдығы аясында игі істер марафоны басталды.  Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқылардың бірі болып ПД Тергеу Басқармасының қызметкерлері жауап берді.

Таңдау жеке ерекшеліктері бар көп балалы отбасылардың балаларына түсті.  Балаларды қорғау күні оларға қонаққа бардық.  Олар мерекені оңалту орталығының ғимаратында атап өтті, біз балалар үшін анимациялық шоу ұйымдастыруды шештік.  40-тан астам бала қызықты эксперименттерге қатысып, балмұздақ әзірледі, мультфильм кейіпкерлерімен ойындар ойнады, - деді, Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Көп балалы аналар мен оңалту орталығының қызметкерлері өз кезегінде тәртіп сақшыларының ұқыптылығы, мейірімді жүректері, көңіл бөлуді қажет ететін балаларға деген қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Қайырымды істер марафоны көмек пен қолдаудың нақты құрылымына негізделген.  Өйткені, «30 игі іс» науқаны қоғам үшін мақсатты шараларға, қайырымды және игі істерге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы