Алматы полицейлері 121 келі есірткі тәркіледі

20 Наурыз 2023, 14:09
758
Бөлісу:
Алматы полицейлері 121 келі есірткі тәркіледі
Фото: автордан

Алматыда синтетикалық есірткіні көтерме саудамен өткізетін есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді. 

Айтуынша, есірткі сатушы қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген операция барысында қолға түскен. 

Есірткіге қарсы күрес қызметкерлері есірткі заттарын әртүрлі жерлерге тығып қалдырып кету арқылы өткізумен айналысқан Алматы облысының тумасын ұстады. Жас жігіттен мефедронмен бірге 265 оқшауланған түрлі-түсті орамалар тәркіленді. Анықталғандай, ол қылмыстық әрекетті өткен жылы курьер (кепілгер) ретінде бастаған. Алты айдан кейін ол синтетикалық және психотроптық заттарды әртүрлі жерлерге тығып кетуді бастаған.

Нұсқауларға сәйкес ол салмағы 200 грамнан асатын үлкен мөлшерде орамалар әзірлеп әртүрлі жерлерге тығып кеткен, - деп нақтылады ІІМ өкілі. 

Сонымен қатар ол жүзден астам есірткі орамдары тәркіленгенін алға тартты. 

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде «Мефедрон» деген жазылған, ерекше иісті ұнтақ заты бар 500 граммдық үлкен пакет, таразы, 400 ZIP-LOCK пакеттері, 43 түрлі түсті жабысқақ таспалар мен қағаз таспалар, 105 алдын ала оралған есірткі орамдары тәркіленді. Осы операцияның нәтижесінде полиция 1 келі 400 грамм синтетикалық есірткіні айналымға жібермеді. Өткен аптада еліміздің есірткіге қарсы күрес қызметкерлері барлығы 124 есірткіге қатысты құқық бұзушылық , оның ішінде 16 өткізу, 15 сақтау, 2 контрабанда, сондай-ақ 2 өсіру фактісін анықтап, 1 притонды ұйымдастырып, ұстау фактісін тіркеді, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Белгілі болғандай, заңсыз айналымнан шамамен 121 келі есірткі, оның ішінде 6,5 келі синтетика тәркіленді

Өзгелердің жаңалығы