Алматы полициясы шұғыл операция өткізді

14 Қараша 2020, 19:07
2086
Бөлісу:
Алматы полициясы шұғыл операция өткізді

Алматы, BAQ.KZ.  Аталған жедел іс-шара нәтижесінде қару-жарақ өңдейтін жасырын цех әшкереленді. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы Медеу ауднының екі тұрғыны ұсталып, олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша ірі көлемдегі әр-түрлі үлгідегі атыс қарулары, оқ дәрілер және қаруларды қайта өңдеуге арналған құрылғылар анықталды. Тәркіленген барлық заттар сот алды біріңғай тергеу реестріне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық іске қозғалды. Барлық қару -жарақ арнайы баллистикалық сараптамаға жіберілді, - деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-і бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ, Алматы полициясында мәлімдегендей сараптама нәтижесі бойынша аталған қару-жарақтардың қандай мақсатта қайта өңделгендігі белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы