Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы одорологиялық сараптама қалай жасалатыны жайлы айтты.
Одорология - криминалистиканың қылмыс орнынан иіс іздерін анықтау мен тәркілеуді қарастыратын бөлімі. Алматы қаласы ПД жедел-криминалистикалық басқармасында 1998 жылдан бастап одорологиялық зертхана жұмыс істейді, онда иіс іздері сақталады және одан әрі зерттеледі.
Алматы қалалық полиция Департаментінің одорологиялық зертханасы 2000-шы жылдардың басында құрылды және бүгінгі күнге дейін жұмыс істейді. Қылмыстық орындарда біз одорологиялық иістерді тәркілейміз, оны біз ЖКБ-ның одорологиялық кабинетіне әкелеміз, ол жерде тергеу бөлімі одорологиялық сынама бергенге дейін - донорлық иіс шығарылған, ұсталған адам болған кезде дейін сақталады,-дейді Алматы қалалық ПД жедел-криминалистика басқармасының аға криминалисті, полиция майоры Натаван Алиева.Оның айтуынша, одоролог мамандар Алматы қаласы ПД тергеу-жедел тобының құрамында болады.
Алматы қаласының ПД ЖКБ зертханасы - Қазақстандағы ең тиімді зертханалардың бірі. Осы зертхана жұмыс істеген жылдар ішінде ол көптеген ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуына ықпал етті. Мысалы, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мамандар 15 сынама өткізді, оның 14-і оң нәтиже берді, - дейді маман.Натаван Алиева иіс іздері шыны ыдысқа салынған стерильді флонельде болатынын айтады.
Бұл зерттеулер инспектор - кинолог және арнайы дайындалған ит - биодетектор қатысатын Алматы қалалық ПД кинологиялық орталығының негізінде жүзеге асырылады. Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда 700 есе артық. Ит 1 литр ауаға 2 атомды жинайды. Бұл зерттеу әрдайым өзекті болып қалады, өйткені адам кез-келген нысанмен шамалы байланыста болған кезде оның жеке иісі әрдайым қалады , - деп түйіндеді, майор Алиева.