Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан жеті адам көз жұмды

15 Ақпан 2021, 11:09
1431
Бөлісу:
Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан жеті адам көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ.  Nissan Qashqai көлігі жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігіне соғылған. Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 14 ақпан күні Алматы-Өскемен тасжолының 342-шақырымында болған.  

Болжам бойынша Nissan Qashqai көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігіне соғылған. Көлік апатынан жеті адам бақилық болған (Nissan жүргізушісі мен ондағы төрт жолаушы, сондай-ақ Volvo жүргізушісі мен бір жолаушы).  

Қайтыс болған адамдардың жеке тұлғасы анықталуда. Оқиға орнында Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері және Ақсу аудандық полиция бөімшесінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Жол апатынан қайтыс болған азаматтардың туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, - делінген хабарламада. 

Қазір бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы