УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында қазақстандық "Астана" Алматыда Англияның "Челси" командасымен кездесуі кезінде матч аяқталмай жатып Алматы орталық стадионының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы спорттық нысандары дирекциясы таратқан мәліметке сәйкес, стадионның батыс секторындағы алты қатар қардан тазартылмаған. Соған байланысты жанкүйерлерге матчты тамашалау кезінде қолайсыздықтар туындаған.
Дирекция қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады.
Біз жанкүйерлерден Алматы орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың арасындағы қарды уақытында тазартылмауынан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін болашақта тексеріс жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ дирекцияда әсіресе мұндай маңызды матчтар кезінде қолайсыздықтар қайталанбас үшін жанкүйерлерге ыңғайлы болудың маңыздылығын түсінетіндігін атап өтті.