Алматы, BAQ.KZ. Түнде қала орталығындағы «Hotel Plaza Almaty» қонақ үйі өртке оранып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.
19 мамыр күні сағат 22:21-де ТЖД бастығы полковник Руслан Қасыбаев пен ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Қожамқұлов көшесі, 270/120 мекенжайы бойынша «Hotel Plaza Almaty» қонақ үйіндегі өрт туралы хабарлама бойынша шыққан.
22:26-да бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келгенде, 6 қабатты қонақ үйдің төменгі қабатында орналасқан саунаның жануы анықталды. Ғимараттың барлық қабатын қою түтін басып кеткен.
Қонақтар қонақ үйдің терезесінен шығып, айқайлап көмек сұрады. Өрт сөндірушілер дереу құтқару жұмыстарын бастады. Өрт болған жерде жедел штабтың жұмысы анықталып, екі жауынгерлік учаске құрылды, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Құтқару жұмыстарына газ-түтіннен қорғау қызметінің 12 буыны, 3 өрт сөндіру автосаты, 4 үш иінді жылжымалы баспалдақ жұмылдырылған.
Жану концентрациясының өнімдерінің азайту, жолдарында қолданылған түтін жою үшін АД-120 автомобилі қолданылды. Қабылданған жедел шаралар арқасында 57 адам құтқарылды. Құрбан болғандар жоқ. Өрт сағат 23:25-те (келген сәттен бастап 59 минут) ауыздықталып, сағат 23:44-те сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 42 адам, 14 техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.