Алматы оқушыларын тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алынады

10 Наурыз 2023, 16:05
981
Бөлісу:
Алматы оқушыларын тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алынады
PHOTO
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

«Мектеп автобусы» пилоттық жобасы аясында Алматы әкімдігі мектепке оқушыларды тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Алматыға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өндіріс нысандарының жұмысымен және құрылысымен танысып, шағын өнеркәсіп парктері мен қаладағы индустриялық аймақ резиденттерімен кездесу өткізді.

Алматы оқушыларын тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алынады

Атап айтқанда, Үкімет басшысы жолаушылар, жүк және мамандандырылған техника шығаратын «Hyundai Trans Auto» ЖШС зауытына барды. Кәсіпорын 2011 жылы «Hyundai Motor Company» компаниясымен (Оңтүстік Корея) ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске қосылды. Бүгінгі таңда зауыт республиканың жеке меншік компанияларына, коммуналдық ұйымдарына және мемлекеттік органдарына Hyundai, Golden Dragon және Foton көлік құралдарының кең желісін (реанимобильдер, өрт сөндіру машиналары, қоқыс таситын көліктер, су таситын көліктер, эвакуаторлар, жүк көліктері) жеткізеді. Алдағы бірнеше жылда кәсіпорын басшылығы өндірісті кеңейтуді, жаңа жұмыс орындарын ашып, экспортты ұлғайтуды және локализациялау үлесін арттыруды жоспарлап отыр. 

Алматы оқушыларын тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алынады

Сонымен қатар «Астана Групп» холдингінің президенті Нұрлан Смағұлов Премьер-Министрдің назарын бірқатар проблемалық мәселеге аударды. Атап айтқанда, өнім экспорты, Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдау және өндірушілерге кәдеге жарату алымы бойынша берешекті төлеу мәселелері қозғалды. Әлихан Смайылов Үкімет ел экономикасын одан әрі әртараптандыруды қолдайтынын және бұл зауыт осы жұмыстың бір мысалы екенін атап өтті. 

12 жыл ішінде кәсіпорын нарықтағы өз позициясын едәуір нығайтты. Біз компанияның өнім желісіне инвестиция салу және оны кеңейту жоспарларын құптаймыз. Мемлекет басшысы қала әкімдігінің алдына халықтың жүріп-тұруына ыңғайлы көлікпен қамтамасыз етіп, экологияға тигізетін зардаптарды азайту міндетін қойды. Сондықтан бұл өндіріс тек қала үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де зор маңызға ие, - деді Премьер-Министр. 

Сондай-ақ Үкімет басшысы көтерілген мәселелердің шешімін табуға жәрдемдесетінін айтты. Қазіргі уақытта Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінің тапсырысы бойынша «Hyundai Trans Auto» ЖШС зауытында Golden Dragon маркасының мектеп автобустары және Hyundai (H-1, H350) шағын автобусы базасында жедел жәрдем көліктері құрастырылып жатыр. Атап айтқанда, «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы аясында Алматы әкімдігі мектепке оқушыларды тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алуды жоспарлап отыр. Барлығы 29 мектепте білім алатын 7,7 мың оқушыға жағдай жасау көзделген. Премьер-Министр білім беру сапасын арттырудың басты факторларының бірі әрбір оқушының қажеттіліктеріне бағдарланған және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жайлы мектеп ортасы екенін атап өтті. Сондықтан «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы – осындай ірі мегаполистегі мәселенің дұрыс және уақытылы шешімі. 

Алматы оқушыларын тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алынады

Бұдан әрі Үкімет басшысы «Valtherm» ЖШС жоғары қысыммен құю әдісін қолданатын Қазақстандағы алғашқы алюминий және биметалл жылу радиаторларын шығаратын зауыт құрылысының барысымен танысты. Жобаға салынған жалпы инвестициялар – шамамен 15 млрд теңге. Әлихан Смайылов қала әкімдігі қайта өңдеу деңгейі жоғары осындай импортты алмастыратын өндірістерді дамытуға ерекше назар аударуы қажет екенін атап өтті. Атап айтқанда, аталған зауытты іске қосу Қазақстанның басқа елдерден радиаторлар жеткізуге тәуелділігін төмендетуге елеулі үлес қосады. Зауыт өнімі беріктігі мен жылу беру бойынша Қытайда шығарылып, Қазақстанға әкелінетін баламалы радиаторлардан 40-50%-ға асып түседі деп күтілуде. Компания 430 жаңа жұмыс орнын ашуды, отандық құрылыс компанияларының сұранысын ішінара қамтамасыз етуді және көрші елдерге тасымалдауды жолға қоюды жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 7,2 млн радиатор болса, ал толық қуатына шыққаннан кейін көрсеткіш 15 млн-нан аспақ. 

Алматы оқушыларын тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алынады

Биылғы шілдеде құйма өндірісін іске қосу көзделген. Бұл ретте Үкімет басшысы осы бағытты қолдау үшін елден алюминий сынықтарын бақылаусыз шығарудың жолын кесу және сумен жылыту құралдарына міндетті сертификаттауды енгізу жөніндегі шаралар пысықталатынын айтты. Сонымен қатар Премьер-Министр шағын өнеркәсіп парктері мен қаланың индустриялық аймағы резиденттерімен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы