Алматы облысының тауларында алдағы бес күнде көшкін қауіптілігі сақталады

23 Наурыз 2022, 15:19
2130
Бөлісу:
Алматы облысының тауларында алдағы бес күнде көшкін қауіптілігі сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының тауларында алдағы бес күн бойы көшкін жүру қаупі сақталады. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы облысындағы тауларда 24 мен 28 наурыз аралығында көшкін жүру қаупі сақталады, - делінген хабарламада. 

Құтқарушылар азаматтар, туристер мен демалушыларды қар көшкіні орын алуы мүмкін қар беткейіне шықпауға, сондай-ақ таулы аймақта барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. 

Алматы облысының аумағында Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқанд, Ескелді аудандары мен Текелі қаласында, сонымен қатар Іле Алатауының жотасының оң беткейі мен Жетісу Алатау тауының солтүстік жотасына қарай 109 көшкін қаупі бар учаске орналасқан. 

ТЖД мәліметінше, негізінен қар көшкінінің орын алуы температураның жоғарылауы мен көп мөлшерде жаңбыр мен қардың жаууы салдарынан орын алады. 

Өзгелердің жаңалығы