Алматы облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25 Қаңтар 2022, 16:02
2484
Бөлісу:
Алматы облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің өкімімен Болат Бақбергенұлы Керімбек Ішкі саясат басқарманың басшысы болып тағайындалды.

Болат Бақбергенұлы Керімбек 1982 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тарих құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасын «Саяси институттар, процестер мен технологиялар» бағыты бойынша, «Болашақ» бағдарламасымен М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі» бағыты бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Отан» партиясының Талдықорған қалалық өкілдігінде сектор меңгерушісі болып бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» ММ-да ғылыми қызметкер, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, консультанты болды.

2019 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін ол Алматы облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы қызметін атқарды.
 

Өзгелердің жаңалығы