Алматы облысының Ават ауылында су басу қаупі жойылды

21 Маусым 2024, 22:15
346
Бөлісу:
Алматы облысының Ават ауылында су басу қаупі жойылды
Фото: Арман Мухатов -архив

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылының саяжай қоғамында бетонды колхозаралық суару каналының түйіскен жерінде жарықтар салдарынан тіректің топырағы шайылып, бір секция жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Нәтижесінде 4 аула аумағын су басты.

Шлюзді жауып, суды басқа арнаға бағыттау арқылы су беру тоқтатылды. Су басу қаупі жойылды.

Қазіргі уақытта Алматы облысы ТЖД күштерімен аула аумақтарынан су айдау жұмыстары жүргізілуде. Ықтимал залалды нақтылауға ЖАО комиссия құрылды.

Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары мен аула аумақтарынан су сору жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы