Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген бандероль ішіндегі шелпектерден тыйым салынған заттар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, сотталғанға бандероль сәлемдемені тапсыру кезінде шелпек ішінен скотчталған жеті орам табылған. Олардың ішінен екі ұялы телефон, қырық дана ақ түсті белгісіз дәрілер, құлаққап, зарядтағыш құрылғы және алты дана насыбай бумалары табылып, тәркіленді. Тыйым салынған заттарды бандероль арқылы жіберген адам анықталды.
Аталған деректер бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда, тәркіленген белгісіз дәрілерді анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген, сондай-ақ жаза көзделген.