Алматы облысында жүк көлігі өртеніп кетті

1 Желтоқсан 2023, 02:14
510
Бөлісу:
Алматы облысында жүк көлігі өртеніп кетті

Алматы облысында тас жолда жүк көлігі отқа оранды. Жүргізушіге полицейлер көмектескен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға, 28 қараша күні Алматы-Өскемен тас жолының 24 шақырымында болған. Көліктің қозғалтқыш бөлігінен жалын шыққанын көрген потрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүк көлігінің жүргізушісіне дауыс шығару құрылғысы арқылы тоқтауын талап еткен. 

Жүргізуші жалынды көргенде қатты таң қалған. Айтуынша, көліктің отқа оранғанын мүлдем байқамай, жүре берген.

Тәртіп сақшылары Дамир Тоқтамысов пен Сайын Азамат ер адамға өрт сөндіру құрылғысымен жалынды ауыздықтауға жәрдем беріп, көлікті техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізуге көмектескен.

Егер полиция қызметкерлері кездеспеген жағдайда бұл оқиғаның арты қайда әкеп соғарын білмеймін. Өз кезегінде тәртіп сақшыларына алғысым шексіз, - деді жүргізуші.

Өзгелердің жаңалығы