Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жол үстінде көкпар тартқандарды полиция іздеп жатыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
24 шілде күні кешкі сағат 19:00 мен 20:00 аралығында Кеңдала ауылына жақын қыстақта көкпар ойыны болған. Қазір полиция ойынға қатысқандарды іздестіріп жатыр. Айта кету керек, көкпарға Еңбекшіқазақ ауданының Қайнар, Рахат, Қазақстан ауылдарының, ал Талғар ауданының Туғанбай ауылы тұрғындары қатысқан,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, көкпарға қатысушылар көшедегі көліктердің жол қозғалысына кедергі келтіріп, жолдың бойында көкпар тартқан. Олар бұл заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылатын болады.