Алматы облысында жас күйшілердің байқауы өтеді

1 Шілде 2022, 11:48
1870
Бөлісу:
Алматы облысында жас күйшілердің байқауы өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында 6 шілде күні Республикалық «Үкілі домбыра» атты жас күйшілер байқауы өтеді.   

Аталған байқауды Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, облыстық «Рухани жаңғыру орталығы ұйымдастырып отыр.

Шараның басты мақсаты -  қазақ халқының ұлттық өнерін ұлықтап, мәдени дәстүрін насихаттау, күй жанрының  дамуына серпін берумен қатар, жас домбырашылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіру арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Байқау 2022 жылғы 6 шілде күні, сағат 10.00-де басталады.
 

Өзгелердің жаңалығы