Алматы облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 122 мұғалім анықталды

14 Шілде 2022, 00:25
1714
Бөлісу:
Алматы облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 122 мұғалім анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының прокуратурасы жалған дипломмен жұмыс істеген 122 мұғалімді анықтады

Жалған құжаттың барлығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті деп көрсетілген.

Алматы облысының прокуратурасы «көрінеу жалған құжатты пайдалану» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептеріндегі 122 мұғалімнің өз қызметін Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жалған дипломдарын пайдалана отырып жүзеге асырғандығы анықталып отыр, – деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Көрінеу жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабындағы 3-бөлік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бүгінде қылмыстық қудалау органдары 41 маманның кінәні мойындауына байланысты және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес қылмыстық істер тоқтатылып, олар білім беру мекемелерінен шығарылды. Ал 81 «мұғалімге» қатысты қылмыстық істерді тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы