Алматы облысында жұмыс орындарының басым бөлігі құрылыс пен ауыл шаруашылығында

26 Тамыз 2020, 22:50
1879
Бөлісу:
Алматы облысында жұмыс орындарының басым бөлігі құрылыс пен ауыл шаруашылығында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында құрылған тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі – құрылыс пен ауыл шаруашылығында деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы жұмыссыздықпен күресте игі ықпалын тигізіп отыр. Бұл бағдарлама шеңберінде осы жылдың жеті айында Алматы облысында нақты 38 726 жұмыс орны құрылды. Жалпы жылдық жоспар 46 116 болғанын ескерсек, 84% орындалған. Соның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 22612, жеке бастамалар бойынша 16 114 жұмыс орны құрылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ого1.jpg

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі, яғни 3426-сы ауыл шаруашылығына және 4110-ы құрылыс саласына тиесілі. 

Төтенше жағдай режимі кезінде де егіс алқаптары мен құрылыс алаңдарында жұмыс тоқтаусыз жүріп жатты. Сондықтан жұмыспен қамтуда осы екі саланың алда болуы заңды. Сонымен қатар өнеркәсіпте - 674, көлік және логистика саласында - 2, сауда саласында - 980, білім беру ісінде - 577, денсаулық сақтауда - 503, экономиканың басқа да салаларында 5355 жұмыс орны құрылды.



Өзгелердің жаңалығы