Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының Іле ауданында бүгін COVID-19 инфекциясымен ауырған тағы 1 адам тіркелді. Профилактикалық тексерілу кезінде 1988 жылы туған азаматтан КВИ анықталған.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте, онымен 47 адам қарым-қатынас жасаған және олардың барлығы оқшауландырылған.
Олардың 34-інің тексеру қорытындылары таза болып шықты, эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда. Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды,-делінген хабарламада.
Сонымен, бүгін Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 114-ке жетті, ал жазылып шыққандар – 10.